Экология • 13 Шілде, 2022

Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада 2025 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолданатын жер көлемін 265-тен 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Өнеркәсіпте айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтау көлемінің ұлғаюы арқылы таза су алу көлемі 1,3 текше километрге қысқартылады», деді Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Мемлекет басшысының биылғы 8 ақпандағы кеңейтілген Үкімет отырысындағы тапсырмасына сәйкес, жаңа Су кодексі әзірленуде.

«Жаңа Су кодексін қабылдау елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау, су үнемдеуге арналған кондырғыларды пайдалануға ынталандыру, су ресурстары мен суға сұранысты басқарудағы қоғамның рөлін арттыру мен саланы ғылыми қолдау үшін негіз болады. Қазіргі уақытта жаңа Су кодексінің Тұжырымдамасы және ілеспе заң жобасы әзірленді, оның тараулары мен баптары жазылып жатыр. Кодекс жобасы бекітілген мерзімде Парламент Мәжілісіне енгізіледі», деді спикер.