Футбол • 13 Шілде, 2022

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, В.Мазярмен келісімшарт ресми түрде үзілді. Оралдық команда В.Мазярға алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қазіргі кезде ойыншыларды уақытша қазақстандық маман Алексей Тугушев жаттықтыруда. Ол В.Мазярдың жаттықтырушылар штабында қызмет етті.

Ел біріншілігінде Алматыда «Қайраттан» 0:2 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін украиналық маман командадан кететінін мәлімдеген еді. Әйтсе де футболшылармен кездескен соң шешімін өзгертіп, қалатын болған. Онымен іс оңалмады. 8 шілде күні оралдықтар Қазақстан кубогы үшін Қызылорда қаласында өткен ойында бірінші лигада өнер көрсететін «Қайсардан» тағы ұтылды. «Ақжайық» ел кубогы үшін кездесуде 17 шілде күні өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды.

Күні бүгін бас бапкер іздестіріліп жатыр.