Президент • 14 Шілде, 2022

Біз Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз - Мемлекет басшысы

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біз Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз - Мемлекет басшысы

«Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте, халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек», деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы елге қайтып келуге ниеттенген қандастарға толық көлемде қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ, тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент әлемде жұмыс күшінің көші-қоны етек алып бара жатқанына тоқтала кетті. 

«Қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр. Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін», деді Президент өз сөзінде.