Президент • 14 Шілде, 2022

Президент мектептегі зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу себебіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент мектептегі зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды

«Адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқарады. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Президент соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдаулы екенін жеткізді.
  
«Мен осы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады. Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында, яғни 3 мың мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді. Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.