Коронавирус • 14 Шілде, 2022

Президент ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы», деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту керектігін айтты.

«Ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал», деді Қ.Тоқаев.