Спорт • 14 Шілде, 2022

Шавқат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

MMAFighting.com сайты барлық салмақ санатындағы аралас жекпе-жек шеберлерінің жаһандық рейтингін жаңартты, деп хабарлады Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шавқат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді
Басылым рейтингі ММА ұйымымен ғана шектелмейді және әртүрлі лигалардағы (UFC, Bellator, ONE FC және т. б.) жекпе-жек шеберлерін қамтиды.
 
Жартылай орта салмақ дәрежесі туралы кестеде UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Шавқат Рахмонов 13-ші орыннан сегізінші орынға көтерілді.
 
Еске салсақ, маусым айының соңында «Номад» тұншықтыру әдісімен америкалық файтер Нил Мэгниді жеңген еді.
 
MMAFighting.com сайты жариялаған материалда Шавкат Рахмоновтың UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткені айтылған.
 
Сондай-ақ басылым осы айда Рахмонов 8-ші орынға, бірден бес позицияға көтерілгенін жазды. Одан бөлек спортшының дауыс беру бюллетеньдерінің бірінде 3-ші орынға ие болғанын және қалған алты позиция бойынша үздік ондықтан көрінгені айтылды.
 
Орта салмақтағы ММА спортшыларының толық рейтингі:
 
1. Камару Усман
2. Колби Ковингтон
3. Хамзат Чимаев
4. Леон Эдвардс
5. Гилберт Бёрнс
6. Белал Мухаммад
7. Ярослав Амосов
8. Шавқат Рахмонов
9. Висенте Луке
10. Шон Брэди