Экономика • 14 Шілде, 2022

Қазақстанда ұн қымбаттады

524 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маусым айының қорытындысына сәйкес ұн бағасы бір айда 2,8%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ұн қымбаттады

Еnergyprom.kz мәліметіне сәйкес, осы жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,4 млн тонна ұн өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып отыр. Ұнды өндіретін көшбасшы өңірлердің үштігіне Қостанай облысы (481,8 мың тонна, 10,4%-ға артық), Солтүстік Қазақстан облысы (140,7 мың тонна, 19,7%-ға аз) және Шымкент қаласы (119,7 мың тонна, 16,8%-ға кем) кіреді. 

1,3 млн тонна ұсақ тартылған бидай ұны шығарылған. Мұндағы өндірістің жылдық өсімі 3,5%-ды құрайды. Нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін 86,3 мың тонна қоспа, 4 мың тонна ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны, бидайдан басқа дәнді дақылдардан 2,7 мың тонна ұсақ тартылған ұн өндірілген.

Елімізде ұнға деген сұраныс жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш 99,1%-ды құрайды. 

Импорт 2,1 есеге өскен.  Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жіберілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артық. Осылайша, биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 79,2%-ға артып, ақшалай мәнде 234,3 млн АҚШ долларына жетті. Ішкі нарықтағы сату бір жылда 461,6 мың тоннаға дейін немесе 18,1%-ға қысқарған. 

Отандық ұн Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан елдеріне көп жіберілді. Ал, ТМД-ға кірмейтін елдер ішінде ұнның негізгі көлемі Ауғанстанға жөнелтілді. 

Жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы – 390 тг (Шымкент), ең төменгі бағасы – 213 тг (Павлодар). Ал, бірінші сұрыпты ұнды Қонаев қаласының тұрғындары 270 теңгеге сатып алса, Петропавл тұрғындары оған 145 теңге жұмсайды.