Қоғам • 14 Шілде, 2022

Елордада көпірден өрт шықты

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы «Арқар» көпірінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада көпірден өрт шықты

Ведомство мәліметінше, Сарайшық көшесі бойындағы көпірдің тірек бағандарындағы электр кабелі жанған.

Оқиға орнына электр кабельдерін тоқтан ажырату жұмыстарын жүргізу үшін Астананың аймақтық электр желісі компаниясының қызметі шақырылған. Осыдан кейін өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруге кіріскен.

«Сағат 17:54-те өрт оқшауланып, 18:05-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», делінген хабарламада.