Аймақтар • 14 Шілде, 2022

Жайықтың алып жайыны

1152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балық аулаудың да өзіндік қызығы көп. Балықшылар қармағына алып балық түскенін қалайды. Алайда бұл – ілуде бір кездесетін жайт.

Жайықтың алып жайыны

Атыраулық әуесқой балық аулаушы Ленар Муборакшаевтың жолы болды деуге толық негіз бар. Жақында оның қармағына алып жайын түсті. Мұнайлы шаһарды қақ жара ағып жатқан Жайық өзенінен ауланған жайынның салмағы – 30 кило, ұзындығы – 1,5 метрден астам.

Сарғыш түсті алып жайын алыстан қарасаңыз, алтын түске боялғандай. Оны Жайықтан тартып шығару оңай болмады. Дегенмен судан маржан сүзудің қыр-сырын жетік меңгерген Ленар Муборакшаев қармағына түскен олжасынан айырылған жоқ.

– Қазір Жайық өзенінде сазан, жайын, өзге де қара балықтар бар. Бірақ бұ­рын­ғыдай емес, балық мүлдем азайды. Кей­де қармаққа ештеңе түспеуі мүмкін. Балық та әркімнің несібесіне қарай қармаққа түседі. Осындай алып балықты қабуы ғажап емес. Жайынды Жайықтың қаланың орталығындағы бөлігінен ауладым, – дейді Ленар Муборакшаев.

 

Атырау облысы