Қоғам • 15 Шілде, 2022

Қырғызстаннан 11 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстаннан Қазақстанға тағы 11 тонна қант экспорттамақ болған. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстаннан 11 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

«Ақ Жол-автожол» бақылау-өткізу бекетіне Қырғызстан Республикасының азаматтары - 1991 жылы туған Т.У. және 1992 жылы туған С.Н. тізгіндеген «Мерседес-Бенц» маркалы екі жүк көлігі тексерілді.

«Жүргізушілер шекара нарядына көлікте ұн өнімдері (китлап) бар екендігі көрсетілген ілеспе құжаттарды ұсынды. Тексеру кезінде шекарашылар ұн жәшіктерінің артына жасырылған 11 тонна қантты тапты», деп хабарлады ведомстводан.

Жүргізушілер жалған құжат арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға қантты заңсыз экспорттамақ болған. Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің шешімімен елден түйіршіктелген қант пен шикі қантты алты айға дейін экспорттауға уақытша тыйым салған.

Тиісті құжаттар толтырылған соң жүргізуші мен жүк құзырлы орган қызметкерлерінің қарауына берілді.