Футбол • 15 Шілде, 2022

Ақтөбеде футбол академиясы ашылады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір «Химик» стадионы маңайында жаңа нысанның іргетасы құйылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде футбол академиясы ашылады

Кешеннің аумағы – 9 мың шаршы метр. Мұнда ойын алаңынан бөлек 30 орындық жатақхана және оңалту залы болады. Жобаға 2 млрд 600 млн теңге бағытталып отыр. Құрылысқа қажетті негізгі материалдар шетелден тасымалданады. Футбол алаңының төбесінде жабынды болады. Сәйкесінше жасөспірімдер академияда қысы-жазы жаттыға алады. Спорт кешенін келер жылдың мамыр айында тапсыру жоспарланған. Десе де, әкімдік өкілдері құрылыстың мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екенін айтады.

«Футбол Ақтөбе қаласында өте жақсы дамып келе жатыр және жанкүйерлеріміз де өте көп. Соған байланысты осы ғимаратты салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 7 жастан 17 жасқа дейінгі дарынды балаларға арналған. Егер кедендік рәсімдерден барлығы жақсы болатын болса, осы жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз», деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.