Медицина • 15 Шілде, 2022

8 өңірде перинаталдық орталық салынады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 өңірде перинаталдық орталық салынады

«Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда ана мен бала мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер бар. Осыған орай, жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін біз Нұр-Сұлтан, Қостанай, Жезқазған, Атырау, Орал, Шымкент қалаларында, Түркістан облысының Сарыағаш қаласында және Ордабасы ауданында 8 заманауи перинаталдық орталық салуды көздеп отырмыз», деді министр.

Сондай-ақ ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық сақтандыру жүйесіне айтқан сынынан қандай қорытынды шығарғандарын айтты.

«Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру үшін біз Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижелеріне талдау жүргіземіз және оны іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз», деді Ажар Ғиният.