Әйел әлемі • 15 Шілде, 2022

Әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытатын бағдарлама бастау алды

773 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін 2022 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде алғашқы тренинг өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытатын бағдарлама бастау алды

Бағдарлама әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамытуға бағытталған.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.С. Данилов семинар қатысушыларын құттықтады.

«Біздің басты басымдығымыз - барлық қазақстандықтар үшін әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ету. Жоба қалалар, сондай-ақ ауылдардағы табысқа жеткен қыздар мен әйелдерді қолдауға және оларды қоғамдық және саяси өмірге тартуға мүмкіндік береді», деді ол өз сөзінде.

Бағдарламаның міндеті– белсенді әйелдерді нақты оқытуды жүзеге асыру мақсатында әр өңір бойынша өңірлік сарапшылар пулын құру.

Р

40-тан астам әйелдер мен қыздар оқытылатын бүгінгі тренинг тақырыбы: «Қазақстан азаматтарының гендерлік құқықтары мен бостандықтарын іске асыру қоғамның оң өзгеруінің шарты ретінде».

Оқытуды «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының сарапшылары жүргізеді.

«Бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар, оның ішінде көшбасшы әйелдерді оқыту жобасы жоспарлануда. Біз конкурстық негізде барлық өңірлерден 30 көрнекті әйел көшбасшыны таңдап, оларды Нұр-Сұлтан қаласында өтетін оқыту бағдарламасына жібереміз. Оқыту саяси көшбасшылық дағдыларын, білім мен құзыреттілікті дамытуға бағытталады, бұл қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі басшы лауазымдарға тағайындалуға немесе сайлануға көмектеседі. Жақында біз осы оқу бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы жариялаймыз. Алдағы уақытта серіктестерімізбен бірге бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, жаңа жобалар мен құрамдас бөліктерін қосатын боламыз», деп атап өтті Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитанов.

«Tomiris» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген әйелдер мен қыздарды оқыту іс-шараларымен және ақпараттық жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде: гендерлік стереотиптер және бұқаралық коммуникация арналарын қолдана отырып, оларды еңсеру жолдары, гендерлік сезімтал саясатты қалыптастыру, экономика мен инновацияларды дамытудағы әйелдердің рөлі тақырыптары тереңінен қозғалады.

Айта кетсек, «Tomiris» бағдарламасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, Конрад Аденауэр қорының және басқа серіктестердің қолдауымен жүзеге асырады.

А