Қазақстан • 15 Шілде, 2022

Қазақстан Ресейден 168 мың тонна қант сатып алады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтің Витебск қаласында өткен ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сауда-экономикалық іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Ресейден 168 мың тонна қант сатып алады

Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарына ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өзара сауда шеңберінде қант жеткізілімдеріне келісімшарт жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бұл ретте тараптар мүше мемлекеттердің ішкі нарығына қантты сату басымдығына, сондай-ақ Ресейде қолданыстағы 2022 жылғы 31 тамызға дейін мұндай жеткізілімдерге шектеулер ұзартылмайтынына сүйенуге тиіс.

«ЕЭК алаңында консультациялар қорытындысы бойынша келісімшарттар жасасу және қажетті қант көлемін 1 қыркүйектен кейін жеткізу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер берілді. Атап айтқанда, Ресей және Қазақстан ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін 168 мың тонна жоспарлы көлемді ұлғайтуға келісті. Осы жаңалықтардан кейін нарықтағы барлық алыпсатарлық аяқталатынына күмәнім жоқ», деді комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.