Фотогалерея • 16 Шілде, 2022

Елордада «Asar joly» қайырымдылық марафоны бастау алды

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Asar joly» қайырымдылық марафоны елордада «Қазанат» атшабарындағы этно ауылда құрылтай форматында бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Asar joly» қайырымдылық марафоны бастау алды

«Asar Ume» қайырымдылық қорының бастамасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл айтулы іс-шараның ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және еліміздегі бірқатар қайырымдылық ұйымдарының өкілдері қатысты.

л

д

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Asar Ume» қоғамдық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев бастамашылық еткен «Asar Joly» қайырымдылық марафоны өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, ел халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған жастардың қоғамдық пайдалы бастамаларын қолдау мақсатында өтіп жатыр.

л

л

л

Бұл жоба Үкіметтің тікелей қолдауымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атсалысуымен жүзеге асып жатыр және алдағы уақытта еліміздің жиырма өңірінде жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

л

«Мұндай жобаларды қолдау менің тікелей міндетім. «Asar joly» жобасына еліміздегі әкімдіктердің барлығы көмектеседі. Өткенде соған байланысты арнайы отырыс өткіздік, әкімдермен келістім. Бұл – кірістерді көбейту бағытындағы бір ғана үлкен жоба. Осындай жобаларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдайық, деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

л

л

л

«Asar joly» жобасының мақсаты – 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елімізді аралап, барлық қалаларымызға соғып, ата-бабамыздан қалған жолды қуып, жақсылықта жарысып, мұқтаждарға пана беріп, қол ұшын созып, жас балаларға, қиыншылықта жүрген отбасыларға мотивация беру. Ел бойынша елу шақты отбасын баспаналы етуді жоспарлап отырмыз. Одан басқа, жұмыспен, біліммен, кәсіппен көмектесу ойымызда бар, дейді «Asar Ume» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев.

ар

Айта кету керек, «Asar Ume» – тұрмыстық жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек көрсетету, жастарды жұмысқа орналасуға, оқуға, бизнеспен айналысуға көмектесетін қоғамдық қор. Бүгінде қор жас, ересек еріктілер, кәсіпкерлер, жұмысшылар мен белсенді азаматтарды жақсылық жасаудың айналасында біріктіруде. Қор құрылған 3 жыл ішінде Қазақстан бойынша үш миллионнан астам адамды біріктіріп, еліміздегі аз қамтылған 440 отбасының баспаналы болуына ат салысқан.

о

Аталған іс-шарада асар дәстүрі ғана жаңғырып қоймай, садақ ату, теңге алу, асық ату сияқты ұлттық ойындар да ойнатылды.