ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан спортшыларының алғашқы нәтижесін ұсынды.
Әлемдік біріншілік аясында алғашқы күні 20 шақырымға (ерлер мен әйелдер) спорттық жүруден финал өтті. Галина Якушева-Кичигина дистанцияны 1:38:47 уақытта еңсеріп, 33-орынға орналасты. Ерлер жарысында Георгий Шейко 28-ші болып келді, уақыты – 1:26:40.