Теннис • 17 Шілде, 2022

Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz7

Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық спортшы финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда тағы бір америкалық, әлемнің 22-ракеткасы Джон Изнерді ұтты - 6:2, 4:6, 6:3.