Теннис • 17 Шілде, 2022

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Еуропадағы турнирлерде жеңіске жетті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Еуропадағы турнирлерде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Еуропадағы турнирлерде жеңіске жетті

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Францияда Tennis Europe сериясы бойынша 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санаттағы La Balle Mimosa Loire'Atlantigue жарысында жұптық сында қазақстандықтар үздік шықты.

Ариана Гогулина мен Сәтима Төреген финалда доданың үшінші ракеткалары чехиялық Софья Хетлерова - украиналық Софья Криворучканы тізе бүктірді - 6:3, 7:6 (7:0).

Бозбалалар арасында Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабековті жапониялықтар Рен Матцурума - Рио Табатаны 6:1, 3:6, 10:6 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жұптық сында Гданьск қаласында (Польша) 12 жасқа дейінгілер арасында өткен осындай турнирде жеңіс тұғырына көтерілді. Аңсар америкалық Камелот Карнеломен бірге жергілікті ағайындылар Войттарды 6:2, 2:0 (матчтан бас тарту) есебімен жеңді.

Грузияда 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors жарысында Іңкәр Дүйсебай жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді. Ол ұлыбританиялық Габби Паскауспен бірге қазақстандық Ульяна Романова - ресейлік Диана Хайдаршинадан айла асырды - 6:3, 6:4.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43