Қоғам • 17 Шілде, 2022

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастық аясында FIRST бағдарламасына қатысады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастық аясында  FIRST бағдарламасына қатысады

Оның барысында Америка тарапы FIRST – «Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапты пайдалануға арналған базалық инфрақұрылым» бағдарламасына қатысуды ұсынды.

«Бағдарлама ядролық қауіпсіздік пен таратпау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес атом энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуде әлеуетті арттыруда АҚШ-тың серіктес елдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.