Оқиға • 17 Шілде, 2022

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мерт болды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мерт болып, бір жолаушы Мақат аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мерт болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 17 шілдеде Мақат ауданының аумағында болған. Осы аудандағы Бәйгетөбе ауылы бағытындағы тасжолдың бұрылысында жергілікті уақытпен сағат 14:09 шамасында «Lada Priora» көлігі жол жиегіне аударылып қалған. Жол апатының салдарынан көлікті басқарған жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Жүргізушінің жасы – 48-де. Ал, көлікте отырған 1974 жылғы жолаушы әр түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы Мақат аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

«Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеуді бастады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тергеу жүріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.