Аталған қанатқақты жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетуді 20%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 21,6%-ды құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды қағазбастылықтан арылтуды, инстанциялар бойынша жүруін және қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны қолға алды.
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет. Қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен өтініш берушінің қатысуынсыз өтеді. Жалпы, сырттай куәландыруға көшу әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды, МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл қадамдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азаюына ықпал етеді.