Коронавирус • 18 Шілде, 2022

Қазақстанда 40 мыңнан аса жүкті әйел вакцина салдырды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 539 038 адам, 2-ші компонентін 9 321 531 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 40 мыңнан аса жүкті әйел вакцина салдырды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне қарағанда, 2022 жылғы 17 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 229 826 адам, ІІ-ші дозасын 1 168 972 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 868 684 жасөспірім, 41 264 жүкті әйел, 145 057 бала емізетін әйел;

ІІ-ші компонентін 846 299 жасөспірім, 38 772 жүкті әйел, 139 430 бала емізетін әйел салдырған.