Қаржы • 18 Шілде, 2022

Қаржы министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға қатысты ақпарат сұратты

776 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрлігі бірнеше шет мемлекеттен қолма-қол шетел валютасын декларациялаған 340 қазақстандыққа қатысты ақпарат сұратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға қатысты ақпарат сұратты

«Қаржы министрлігі Еуроодаққа, Түркияға және БАӘ-ге аталған елдердің кедендік аумағына кіру кезінде қолма-қол шетел валютасын декларациялаған 340 Қазақстан резиденті бойынша ақпарат беру туралы сұрау жіберді», деп мәлімдеді Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Сонымен қатар комиссия резонанс тудырған істерді тергеу барысындағы халықаралық ынтымақтастық аясында атқарып жатқан жұмыс нәтижелерін ортаға салды.

«Бас прокуратура тергеп-тексеру органдарына ұрланған активтерді шетелден қайтару бойынша қадамдық алгоритмдер, әдістемелер мен сұрау салу үлгілерін дайындады. Әрбір іс бойынша активтерді қайтару стратегиясы әзірленуде, сонымен қатар қаржылық тергеп-тексерулер – «Ақшаның ізіне түс» тұжырымдамасы іске асырылуда. Активтерге тыйым салу, тоқтатып қою мақсатында жедел шаралар қабылдануда. Ол үшін «Carin» (Еуропа) және «Arin AP» (Азия және Тынық мұхиты аймағы) шетелдік ақпарат алмасу желілері пайдаланылады. Сондай-ақ Бас прокуратура Дүниежүзілік банктің және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасымен ынтымақтастық орнатты», делінген комиссия ақпартында.