Теннис • 18 Шілде, 2022

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы мен Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді

ҚТФ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 39-орынға көтерілді. Дмитрий Попко 194-інші, Михаил Кукушкин 204-інші (+8), Тимофей Скатов 211-інші, Денис Евсеев 338-орында тұр.

Елордадағы жарыстың финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев 473-тен бірден 447-ге жоғарылады. Бұл - Бейбіт үшін жеке рекордтық көрсеткіш.

Жұптық сынға келер болсақ, Андрей Голубев 43-інші, Александр Недовесов 62-інші, Григорий Ломакин 205-ші орынға жайғасты.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-ші орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-ыншы, Зарина Дияс 243-ші сатыда тұр. Жұптық сында Анна Данилина 19-шы орынға қайта оралса, Жібек Құламбаева 259-ыншы, Гөзал Айнитдинова 445-інші орында келеді.