ANTIKOR • 18 Шілде, 2022

Шымкентте пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Құрбанқожаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, Құрбанқожаевқа 27 миллион теңге айыппұл салынған.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «Кәусар клиникасы» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев және Нышанбаев бірдей үкіммен 2 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Құрбанқожаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығымен «Низам Ата» ЖШС және «Кәусар клиникасы» медициналық орталығының басшылығынан медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру үшін 800 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған.

Тұрманов Нышанбаевтың делдалдылығымен бірқатар тұлғадан клиникалық тәжірибеге жіберуге маман сертификатын беру үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35