АСТАНА. 30 сәуір. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісі кезінде 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Еуразиялық инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылдар бағдарламасын қабылдаудың аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттық экономикалар мен еуразиялық интеграция кеңістігінің инновациялық-технологиялық серпілісі үшін қажетті жағдайлар жасау керек. Сондықтан, 2025 жылға дейінгі кезеңге бағытталған Еуразиялық инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеген жөн.
Президент бұл бағдарламада неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша, мәселен, минералды ресурстарды тереңдетіп қайта өңдеу және аэроғарыш, химия, машина жасау, агроөндіріс, энергетика, көлік салаларында индустриялық консорциумдар құру істері қамтылуы тиіс екеніне мән берді. Бұған қоса, ол: «Біздің инновациялар саласындағы қызметтестігіміздің мәселелерімен айналысатын теңбе-тең негіздегі Еуразиялық инновациялық Кеңес тағайындау маңызды деп санаймын», – деді.
Дәріс барысында Мемлекет басшысы тарапынан екіжақты және көпжақты негізде бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құру қажеттігі де айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы нақты жобалар экономикалық интеграцияның қозғаушы күшіне айналып, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарып, жұмыс орындарын құрып, ұлттық бюджеттерге аударымдарды көбейтуі тиіс.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: Nur.kz.
• 30 Сәуір, 2014
Еуразиялық инновациялық-технологияның өзара іс-қимыл бағдарламасы қажет

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді
Байқау • Бүгін, 20:45
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден бес медальға ие болды
Спорт • Бүгін, 20:27
6 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:44
Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр
Теннис • Бүгін, 19:22
Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде қойылады
Мәдениет • Бүгін, 19:00
Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Ата заң • Бүгін, 18:40
Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті
Поэзия • Бүгін, 18:25
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:15
Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді
Сенат • Бүгін, 17:59
Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:58
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Ата заң • Бүгін, 17:48
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:32
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Құқық • Бүгін, 17:25