Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Түркістан облысында кене көбейді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кенемен күрес шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында кене көбейді

Көктемгі кезеңде Түркістан облысында 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған. Мамандар жүргізген сараптау қорытындысы көрсеткендей, иньекциялау оң нәтиже берді. Ал енді иньекциялаудың екінші кезеңі қолға алынбақшы. Бұл ретте үйіргелік қора-жайларды залалсыздандыруға ерекше назар аударылады.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін анықтау бойынша аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылып үлгерді. Бұл сала мамандарының жұмысы қатаң қадағаланатынын білдіреді.

Айта кетсек, биыл да конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша жоспарлы шаралар жалғасады.