Қазақстан • 19 Шілде, 2022

Журналист Сейтқазы мен Әсет Матаевтар толық ақталды

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Жоғарғы Соты қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Сейтқазы мен Әсет Матаевтар толық ақталды

ҚР Жоғарғы Соты Нұр-Сұлтан қаласы сотының Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойды.

Сот үкімінде Матаевтардың толық ақталғаны жазылған. Ендігі жерде сот залынан босатылған журналистер қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеп ала алады.

Еске салайық, Сейітқазы Матаев пен оның ҚазТАГ ақпарат агенттігін басқаратын ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталған болатын. Осылайша, Сейітқазы Матаев ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 245-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша, ал Әсет Матаев ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталды.

2016 жылдың қазан айында Сейтқазы Матаев жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен және мүлкін тәркілеумен қоса алты жылға сотталса, Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.