Жыл басынан бері Абай облысында 28 сәби қайтыс болған. Осы ретте өңірдегі ана мен бала өлімін азайту үшін арнайы жол картасын әзірлеу көзделіп отыр.

Мұндай жағымсыз статистиканы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев сала өкілдерімен кездесуде айтты. Облыс әкімі ана мен баланың өмірін сақтау – денсаулық сақтау саласындағы маңызды әрі басты міндеттердің бірі екенін еске салды.
«Биыл облыс көлемінде 28 сәби мен бір ананың өлімі тіркелді. Осы бағытта денсаулық сақтау басқармасына ана мен бала өлімін азайту үшін Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ өңірдегі перинаталды орталықтардың жағдайына мұқият талдау жүргізу қажет.
Қандай да өзекті мәселе болса, жасырмай айту керек. Өйткені бұл адамның денсаулығы мен өміріне қатысты. Сондықтан саладағы кез келген мәселені жасырмаған дұрыс», деді Н.Ұранхаев.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі бірқатар аурухана мен емхананың әбден тозығы жеткендіктен күрделі жөндеуді талап етеді.
«Семейде 200 адамға шақталған жұқпалы аурулар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Абай аудандық ауруханасына және Көкпектідегі аудандық ауруханаға күрделі жөндеу таяу арада жүргізіледі. Осы өңірдің тумасы болғандықтан барлық аурухананың қай жерде орналасқанын, сол секілді қандай күйде тұрғанын жақсы білемін. Кез келген мәселені бірлесіп шешкен абзал», деді өңір әкімі.
Н.Ұранхаев таяу жылдары облыста бірнеше медициналық нысандар салынатынын жеткізді.
«Кадрлық әлеуетіміз жеткілікті, себебі Семейде медициналық университет пен орта буындағы медициналық қызметкерлерді даярлайтын 3 колледж жұмыс істеп тұр. Бұл орайда өңірдегі медициналық ұйымдар жоғары технологиялық жабдықтармен де қамтылғанын айта кеткен орынды. Семей мен аудандық елді мекендердегі медициналық ұйымдарды аралап көрдім. Әлбетте, белгілі бір қиындықтар бар. Бұл, әсіресе тозығы жеткен жабдықтар мен ескі ғимараттарға қатысты. Алайда Жедел медициналық жәрдем ауруханасы сынды жақсы жабдықталған ірі медициналық орталықтар да қызмет етіп тұрғанын ескеруіміз керек», деді әкім.
Өз кезегінде сала өкілдері қордаланған проблемаларды да жасырмай айтты. Айталық, Семейдегі екі медициналық стационар XIX ғасырда салынған ғимаратта орналасқан. Шаһардағы медициналық ұйымдардың басым бөлігі 30 жыл бұрын пайдалануға берілгендіктен мамандар ескірген нысандарда халыққа қызмет көрсетуге мәжбүр. Сондықтан да игілікті саланың өкілдері медициналық инфрақұрылымды жаңарту мәселесін күн тәртібіне қою керек деп санайды.
Жоғарыда айтылғандай, биыл облыс орталығында жұқпалы аурулар ауруханасын салу көзделіп отыр. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары қолға алынбақ. Биылға межеленген негізгі міндеттердің бірі – Абай аудандық ауруханасы мен Көкпектідегі аудандық ауруханасындағы қазандықты күрделі жөндеуден өткізу.
Бұдан бөлек, жуырда Семейде көп бейінді балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын, екі үлгілік емхананы, медициналық университет клиникасын, сол секілді өңірдегі елді мекендерде 19 дәрігерлік амбулатория, 44 медициналық және 8 фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселелері қарастырылады.
Облыс басшысы коронавирус ауруының таралуына жол бермеу үшін еліміздегі эпидемиялық ахуалды ұдайы назарда ұстап отырудың қажеттілігін айтты. Мәселен, шілденің басында өңірде 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың 5-еуі инфекциялық стационарда емделіп жатса, қалғандары амбулаторлық ем-дом шараларын қабылдап жатыр.
«Облыста 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Үрейленуге негіз жоқ болғанымен арқаны да кеңге салу әлі ерте. Халықтың қажетті вакцинаны алуына барынша жағдай жасау керек. Ауруын жасырған өлетінін естен шығармау керек. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырманы жүктеймін. Жағдайды толық бақылауда ұстау керек», деді Н.Ұранхаев.
Денсаулық сақтау министрлігі шілдеде вирусқа шалдыққандардың саны көбейетінін айтқан еді. Демек қазір инфекциялық аурудың маусымдық өсімі байқалса керек.
Абай облысы
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар