Футбол • 20 Шілде, 2022

Бірінші турдың үздігі атанды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан Ресей чемпионатының жаңа маусымы бас­талды. Бірінші тур ойындарының қоры­тындысы бойынша Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін қа­зақ­­стандық футболшы Бақтиер Зайнут­­­динов алғашқы турдың шартты құрамына енді.  

Бірінші турдың үздігі атанды

ЦСКА жаңа маусымның алғашқы ойы­нында Екатеринбургтің «Урал» командасын қабылдап, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі жасыл алаңда 90 минут бойы ойнап, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты. WhoScored интернет-порталы отандасымыздың алғашқы турдағы ойынын жоғары бағалап, оған 7,9 ұпай берді. Осы нәтижесінің арқасында ол таңдаулы футболшылар ғана енетін турдың шартты құрамынан табылды. Айта кетейік, әдетте жартылай қорғаныста және шабуылда ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов бұл матчта орталық қорғаушының қызметін атқарды.

Сондай-ақ ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Нұрәлі Әліп ойнайтын Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы бірінші турда «Химкимен» тең түсті – 1:1. Алайда бұл матч­та отандасымыз қосалқы құрамда қалып қойды.