Ауыр атлетика • 20 Шілде, 2022

Алғашқы жүлде қоржында

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Ерасыл Омаров қола жүлдегер атанды.

Алғашқы жүлде қоржында

Сары құрлық бәсекесінде 55 кило салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үш мүмкіндіктің үшеуін де тиімді пайдаланып, алғашқы бағдарламаны 104 киломен түйіндеді. Ал жұлқа көтеру сайысында тек екі мүмкіндігін ғана сәтті пайдаланып, соңғысында 124 кило зілтемірді басынан асыра көтерді. Сөйтіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 228 килоны еңсерген Ерасыл Азия біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Бірінші және екінші орынды Вьетнам спортшылары иеленді. Бас жүлде қоссайыста 256 кило (113+143) зілтемірді көтерген К Дуонге бұйырса, күмісті Дуон Туан (112+136) місе тұтты. Құрлық додасы 25 шіл­деде мәресіне жетеді.