Апат 18 шілдеде Могадишо қаласының әуежайында болған. Оқиға салдарынан ұшақтың қанаттары қақ бөлінген.
Сомалидің оңтүстік-батысында орналасқан Байдабо қаласынан ұшып шыққан әуекемесінің бортында 30 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар жоқ, алайда үш адам зардап шеккен.
Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметкерлері жұмыс істеп, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізген.