Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге қымбаттап, 481,20 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 20 шілдедегі ресми бағамы - 480,36 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 481,88 теңге, сату - 486,23 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,65 теңгеден сатып алынып, 482,82 теңгеден сатылып жатыр.