Қоғам • 20 Шілде, 2022

Қостанай облысында бөгет құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында 200 миллион теңгеге сапасыз жөнделген бөгет жырылып кетті. Экономикалық тергеу департаменті қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында бөгет құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Шилі бөгетін күрделі жөндеу» жобасы кезінде бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

«Сараптама қорытындысы бойынша алдын ала келтірілген залал 33 712 618 теңге болды. Сот қылмысты ұйымдастырушыға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2 жыл бұрын салынған бөгетті Шилі тұрғындары қайта жөндеуді сұраған болатын. Гидротехникалық құрылысты салуға республикалық бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенімен, жаңа бөгет көктемгі су тасқынын бөгей алмады.