«Павлодар қаласындағы №20 мектеп-лицейіне - Әлихан Бөкейханның, №34 инновациялық мектебіне - Ахмет Байтұрсынұлының, №1 мектебіне - Малайсары батырдың, №23 мектебіне – Рафика Нұртазинаның, №16 мектеп-лицейіне - Аманжол Шәмкеновтің, №9 гимназия-мектебіне - Шапық Шөкиннің, №28 мектепке - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, №19 мектепке - Мәшһүр Жүсіптің, №37 мектепке - Жұмабек Тәшеновтың есімі берілсін. Сондай-ақ Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі - Ыбырай Алтынсариннің, №2 мектебі – Абайдың, Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталсын», делінген Үкімет қаулысында .