Аймақтар • 20 Шілде, 2022

Ұлытау облысында жоғарғы оқу орны ашылуы мүмкін

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында жоғарғы оқу орны ашылуы мүмкін

«Бізде мемлекеттік университетті құру мәселесін көтерген едім. Мұндай оқу орындарының қаражаты көбірек болады. Яғни, жаңа қондырғы алу керек, жаңа оқыту әдісі қамтылуы тиіс. Президент Үкіметке техникалық университет ашу тапсырмасын берді. Жақында Ғылым және жоғары білім министрімен сөйлестім. Олар бұл мәселені қарастырып жатқандарын айтып отыр», деді Б. Әбдіғалиұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол аталған мәселені шешудің жолын ұсынды.

«Сәтбаевта Қазақмыстың колледжі, политехникалық колледжі және Тау- кен металлургиялық колледжі бар. Бұл оқу орындарында біздің балалар білім алып жатыр. Алдағы уақытта техникалық университет ашылатын болса, үш колледжді біріктіріп, бір техникалық жоғары оқу орны етіп бастасақ деген жоспар бар. Үш колледждің негізінде мемлекеттік оқу орны болып құрылса, онда болашақта Үкіметтен үлкен жаңа ғимарат пен жатақхана салу ескеріледі», деді облыс әкімі.