Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.