Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ – Мәскеуден.
Тұсаукесер рәсімін “ИТАР-ТАСС” агенттігінің басшысы Виталий Игнатенко ашып, кіріспе сөз сөйледі. “Бүгін біз Қазақстан және Ресей елдерінің рухани-мәдени өміріндегі аса елеулі оқиғаның куәсі болып отырмыз, – деп бастады ол сөзін. – Нұрсұлтан Назарбаев – тек Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы ғана емес, бүкіл ТМД елдерінің дамуына, кеңестік кезеңде қалыптасқан байланыстардың үзіліп қалмай, заманға сай қайта интеграциялануына өлшеусіз үлес қосқан дарынды да тарихи тұлға. Сондықтан белгілі ағылшын жазушысы Дж. Айткеннің бүкіл Батыс елдері оқырмандарын елең еткізген кітабы орыс тіліне аударылып, ізінше Мәскеудің “Художественная литература” баспасынан жарық көрді. Осы бір әлемдік дәрежедегі танымал тұлғаға, бүкіл қазақстандықтарға бауырлас Ресей тарапынан жасалған лайықты құрмет деп білемін”. Одан кейін сөз кезегі Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке берілді. Ол өз сөзінде дүние жүзі таныған реформатор, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде өркениет әлемінен өзінің лайықты орнын алған, дамыған мемлекеттер шоғырында бәсекеге қабілеттілігін айқындай бастаған жаңа Қазақ елін құрудағы баламасыз еңбегін айта келіп, Қазақстан Президентінің өмір жолы мен көшбасшылық ғұмырдәйегін талғамы тоқсан батыс оқырмандарына кеңінен танымал етіп, ерекше қызығушылықтарын оята білген Джонатан Айткенге шынайы ықыласын білдірді. Сонымен бірге Кәрім Мәсімов өткізуге ұйытқы болған В.Игнатенконың Нұрсұлтан Назарбаевты тек Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ғана емес, сонау бір кезеңдерде Қазақстан және Украина магниткаларының дамуына қолтаңбасын қалдырған металлург ретінде танитынын, ұзақ жылдардан бері сыйлас азаматтар болып келе жатқанын тілге тиек етіп, достықтың мұқалмас қасиеті тағы бір қырынан танылып отырғанына шын алғысын айтты. Ақиқатында талғамы терең Мәскеу зиялыларының “ИТАР-ТАСС” агенттігінің үлкен мәжіліс залына тола жиналуы да осы айтылғандардың ақиқаттығын паш еткендей. Белгілі саясаткерлер, әдебиет және өнер қайраткерлерімен қатар Ресей астанасындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері де өтіп жатқан мәдени шараға жан-жақты қызығушылық танытып, бояуы кеппеген туындының авторы Дж. Айткеннен қолтаңба алу үшін жалықпай кезекке тұрды. Тұсаукесер рәсімінде “Художественная литература” баспасының басшысы Григорий Пряхин сөз алып, жарыққа шығып отырған еңбектің ерекше құндылығына тоқталды. Қазір әлемде Қытайдың экономикалық даму тәжірибесіне таңданыс қандай дәрежеде болса, ТМД елдері кеңістігінде қазақстандық экономикалық өрлеу тәжірибесіне қызығушылық, оны түсінуге деген талпыныс тура сондай дәрежеде. Ендеше, қазақстандық экономикалық даму ғажайыбының авторы – реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен өнегесіне деген қызығушылықтың артып отырғандығы заңды құбылыс. Міне, осы уақыт сұранысын дарынды жазушы, Ұлыбританияның кезіндегі белді саясаткері, қазіргі танымал қоғам қайраткері Джонатан Айткен шебер де сапалы қанағаттандыра білген, деді ол сөзінің соңында. Тұсаукесерде шығарма авторы Дж.Айткен және РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин де сөз сөйледі. Бірнеше сағатқа созылған отырыста шынайы шығарма барынша қызу талқыланды. “Художественная литература” баспасы 10 мың данамен жарыққа шығарып отырған “Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы” атты кітапты ағылшын тілінен Олжас Сүлейменов пен Виталий Игнатенко аударған. Сонымен ағылшын тілінде жазылып, Батыс елдері оқырмандарын ерекше елең еткізген шығарма орыс тілді қалың оқырманға жолдама алды. Суреттерді түсірген Шүкір ШАХАЙ.Сенаторлар «Келешек» жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Сенат • Бүгін, 22:00
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Бүгін, 21:52
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00