Абай облысы көмірді көп тұтынатын өңірлердің қатарына кіреді. Бұл өз кезегінде экологияға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Сондықтан да өңірге газ тарту күн тәртібіндегі мәселенің біріне айналды.

Өзекті мәселені Семейге келген Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында жергілікті белсенділер тағы да көтерді. Мәселен, қоғам белсендісі, Amanat партиясының мүшесі Владимир Халиннің пікіріне сүйенсек, өңірдегі газдандыру мәселесі 2013 жылдан бері айтылып келеді. Алайда осы уақытқа дейін сең қозғалар емес.
«Аталған мәселенің Парламент пен Үкіметтің деңгейінде талқыланғанын, сондай-ақ Семей мен Шығыс Қазақстанда газдандыруды пысықтау жөніндегі комиссия құрылып, газ таратылатын желінің бір бөлігі Павлодарға дейін жалғасатыны туралы хабардармыз. Осы мақсатта көгілдір отынды таратудың бірнеше бағыты әзірленгені мәлім. Атап айтқанда, Орталық Қазақстаннан тарту мүмкіндігі қарастырылған еді. Алайда оның шығыны көп. Зайсан жақтан да газға қосылуға болады, бірақ онда қажетті отынның қоры аз. Үшінші нұсқа – Ресейдегі Алтай өңірін газдандырып отырған Веселояр құбырына қосылу», деді В.Халин.
Қоғам белсендісі қаланың экологиялық ахуалы көңіл көншітпейтінін және жылу қазандықтарынан ауаға шығып жатқан зиянды қалдықтың көлемі едәуір екенін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен толық арылуды көздеп отырғанын айта кеткен орынды. Сол себепті Жаңа Қазақстанда осындай түйткілді мәселелер өз шешімін табу керек деп санайды жергілікті қоғамдық ұйым өкілдері.
«Бұл мәселені біз міндетті түрде қарастырып, әріптестерімізбен ақылдасамыз. Оны шешудің жолдарын пысықтау қажет. Аталған бағытта Үкіметпен бірлесіп, барлық ықтимал жобаны жинақтап, ұсыныстарды жеткіземіз», деді Парламент Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов.
Бұдан бөлек, өңірдегі тағы бір қордаланған проблемалардың бірі – әбден тозығы жеткен жолдар мәселесі. Мәжіліс депутаттары облыстың шалғай елді мекендеріне сапар шегіп, расымен де жол инфрақұрылымы жіті көңілді қажет ететінін мойындады.
«Абай, Ақсуат, Көкпекті және Катонқарағай аудандары мен Курчатов қалаларын аралап қайттым. Жол мәселесінің өзектілігі артып тұрғанын байқадым. Десе де сең қозғалды деп айтуға болады. Әлбетте, қалған уақыттың ішінде 405 шақырым жолды жөндеу мүмкін емес. Майқапшағайдан Зайсанға қарай, сол секілді Көкпектіден Қалбатауға дейінгі жолды жөндеу басталып кетті. Алайда Ақсуаттан бастап Көкпектіге дейінгі жол учаскесінде адам аяғы баспағаны көрініп тұр. Егер де биыл кем дегенде 100 шақырымдай жолды жөндеп өтсе, оның өзі жаман емес», деді Ә.Рахымжанов.
Ал Жанат Омарбекова айтқандай, Семей еліміздің мәдени және тарихи орталығы саналатындықтан қаладағы көнеден сыр шертетін архитектуралық нысандарды сақтап, қалпына келтіруге көңіл бөлу керек.
«Мәдениет министрлігімен бірлесіп, қаладағы тарихи ғимараттарды сақтау мәселесін көтердік. Өйткені Семей өзінің тарихи мұраларымен әйгілі. Семейліктердің қоқыс үйінділеріне байланысты шағымданып жатқанын білеміз. Айталық, мұндай көріністі саябақтар мен үйлердің жанынан өткенде байқауға болады. Бұл орайда тазалықты әркім өзінен бастап, балаларға үлгі көрсете білу керек», деді Мәжіліс депутаты.
Абай облысы
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар