Ауыр атлетика • 21 Шілде, 2022

Емберді ерлеп тұр

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір ай бұрын Мексикада өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алған Едіге Емберді енді, міне, Сары құрлық бәсекесінде топ жарды.

Емберді ерлеп тұр

Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының кезекті күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Жасөспірімдер арасындағы 73 кило салмақта сынға түскен әлем чемпионы Емберді қоссайыста 309 (136+173 килоны еңсеріп, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол жұлқа көтеру мен қоссайыс бәсекесінде Азия рекордын орнатты.

Ал жастар санатында 61 килода өнер көрсеткен Азамат Төлеген қоссайыста 262 килоны еңсеріп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионатының жасөспірімдер санатында сынға түскен қазақстандық Ерасыл Омаров (55 кг) та Сары құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді.