ВАК мәліметінше, Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;
- Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.