Президент • 21 Шілде, 2022

Президент: Арал теңізінің суын ұтымды пайдалану қажет

836 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар тобының баяндамасына сәйкес, Орта Азиядағы температура планетадағы орташа температурадан әлдеқайда тез өсуде. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Арал теңізінің суын ұтымды пайдалану қажет

«Қазіргі заманғы климаттық сын-қатерлер, су және энергетикалық ресурстарға өсіп келе жатқан сұраныс Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін батыл шаралар қабылдауды талап етеді», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы баяндама барысында.

Президенттің айтуынша, климаттың өзгеру процестері мұздықтардың азаюына әкеліп соғады. 

«Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар тобының баяндамасына сәйкес, біздің аймақтағы температура планетадағы орташа температурадан әлдеқайда тез өсуде. Климаттың өзгеру процестері біздің аймақ үшін негізгі су көзі – мұздықтардың азаюына әкеледі. Олардың Орталық Азиядағы көлемі соңғы 50 жылда 20-30%-ға қысқарды, бұл перспективада Сырдария мен Әмудария өзендерінің ағынын бірнеше есе азайтады. Мұның бәрі шұғыл бірлескен шаралар қабылдауды талап ете отырып, өңірдің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігі үшін елеулі тәуекелдерге әкеп соғады», деді Мемлекет басшысы.