Президент • 21 Шілде, 2022

Орталық Азияда жалпы өңірлік телеарна ашылуы мүмкін

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азияда жалпы өңірлік телеарна ашылуы мүмкін

«Мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажет. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарымыз  аймақ елдерінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық тарату жағынан ақсап тұрғаны байқалады. Мүмкіндігінше, бұл үрдісті өзгерту керек», деді Қ.Тоқаев.

Осы орайда ол бүкілаймақтық телеарна немесе ақпараттық интернет-сайтын ашу керектігін айтты.

«Осы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін Орталық Азияның салалық мекемелері мен ақпараттық агенттіктері басшыларының жиынын тұрақты түрде өткізіп отыру пайдалы болмақ», деді Президент.