Қоғам • 21 Шілде, 2022

Елордада 28 мың жаңа жұмыс орны ашылады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов жыл соңына дейін 28 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 28 мың жаңа жұмыс орны ашылады

«Жыл соңына дейін 28 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде 17 мың тұрақты, 11 мың уақытша жұмыс орындары болады. 1 шілдедегі жағдай бойынша 12,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Бүгінде «Enbek.kz» порталында 7 мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелді», деді А.Байтасов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қызметке орналасуға 454 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш білдірген. Оның 450-не жұмыс берілген.

«Тұрақты жұмыс орындарына – 174, қоғамдық жұмыстарға – 255, жастар практикасы бойынша – 5, әлеуметтік жұмыс орындарына – 5, алғашқы жұмыс орны бағдарламасы бойынша – 3, күміс жас бағдарламасымен – 1 адам жұмысқа тұрды. Ал, кәсіптік оқыту курстарына мүмкіндігі шектеулі 7 адам жолданды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55