Аймақтар • 21 Шілде, 2022

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына өтініш қабылдау аяқталды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына өтініш қабылдау кезеңі аяқталды. Биыл қала тұрғындарынан жоба ретінде 1251 ұсыныс түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына өтініш қабылдау аяқталды

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметіне сәйкес, тұрғындардан аулалар мен қоғамдық пайдалану орындарын абаттандыру бойынша ұсыныстар көп түскен. Олардың ішінде спорт және балалар алаңдарын орнату-371, күркелер мен орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату және жөндеу туралы 324 ұсыныс түскен. Одан кейін саябақтар мен гүлзарларды жасауға, жөндеуге, көше жарығын орнатуға, тротуарлар салуға, көгалдандыру мен қоқыс тастайтын жерлерді жоюға бағытталған жобалар қамтылған.

«Қазір бағдарламаның екінші кезеңі басталды. 21 шілде мен 12 тамыз аралығында сарапшылар кеңесі өтінімдердің критерийлерге сәйкестігін бағалауды және алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялауды жүргізетін болады. Жобалық ұсыныстарды пысықтау үшін авторларға 10 күн беріледі. Келіп түскен өтінімдер сараптамалық іріктеуден және жалпы қалалық дауыс беруден кейін 2023 жылы іске асырылатын болады. Биыл қала тұрғындарынан 1251 жобалық ұсыныс түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп», деп хабарлады әкімдіктен.

Айта кетейік жобаға өтініш қабылдау 1 маусымда басталған болатын.