Экология • 21 Шілде, 2022

Қызылордада 17 ақбөкенді атқан браконьер ұсталды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 17 ақбөкенді атқан облыс орталығының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 17 ақбөкенді атқан браконьер ұсталды

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің» мамандары «Охотзоопром ӨБ» РМКҚ қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген еді.

«Кезекті іс-шара барысында Жалағаш ауданына қарасты Жырық атты скважина маңында «Тайота ланд крузер-100» автокөлігі күдік тудырды. Белгісіз тұлға оқиға орнынан ізін суытуға әрекеттенді. Көп ұзамай Жалағаш ауданына қарасты Қызылшын деп аталатын жерде оның көлігі өртенгендігі байқалды. Сол жерден барлығы 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылды. Ол айғақ зат ретінде алынды. Жалағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, сол маңды қарау барысында Шақшақ деп аталатын мал ауылынан күдік келтірілген Қызылорда қаласының тұрғыны анықталды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша мән-жайды қарап, шара қолдану үшін құжаттар мен айғақ заттар Жалағаш аудандық полиция бөліміне өткізілген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50