Жарыстың кезекті күнінде 67 кило салмақта сынға түскен отандасымыз Әлішер Байбұров 17 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы деген атаққа ие болды. Жерлесіміз серпе көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланып, бұл сайысты 134 киломен қорытындылады. Ал жұлқа көтеруде 155 кило зілтемірді еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша Сары құрлық бәсекесінің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін ел қоржынына алғашқы алтынды 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 73 килода сынға түскен Едіге Емберді салған еді. Ол қоссайыста 309 (136+173) кило зілтемірді басынан асыра көтерген болатын. Сондай-ақ Емберді серпе көтеруде және қос жаттығу қорытындысы бойынша жастар арасындағы Азия рекордын орнатты. Ал 61 килодағы Азамат Төлеген мен 55 кило салмақтағы Ерасыл Омаров Азия чемпионатының қола жүлделеріне ие болды.