Коронавирус • 22 Шілде, 2022

Тағы 869 196 жасөспірім вакцина салдырды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 542 843 адам, 2-ші компонентін 9 324 915 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы 869 196 жасөспірім вакцина салдырды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2022 жылғы 21 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 785 адам, ал ІІ-ші дозасын 1 175 838 адам салдырғанын хабарлады.

Оның ішінде:

І-ші компонентімен 869 196 жасөспірім, 41 278 жүкті әйел, 145 087 бала емізетін әйелдер.

ІІ-ші компонентімен 849 116 жасөспірім, 38 931 жүкті әйел, 140 154 бала емізетін әйел салдырды.