Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Джо Байден өз резиденциясында оқшауланған. Ол жұмысын сонда жалғастыра береді.
«Мемлекет басшысының COVID-19-ға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана ол әдеттегі жұмыс форматына қайта оралады. Ол вакцинация курсынан толық өткен, аурудың симптомдары жеңіл», деді Ақ үй өкілдері.