01 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №151

210 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2014 жылғы 25 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 988-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы №567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 533-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияның телнұсқасын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес: 1) лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткішті; 2) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын; 3) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнiң көлемi мен күнiн растайтын түбiртек немесе төлемдік тапсырма бередi. Портал арқылы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, лицензиялық алымды төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады; 2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге: 1) лицензия алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: еркін нысандағы өтініш; лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін (лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда): еркін нысандағы өтініш; лицензияның телнұсқасын бергені үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Порталға: 1) лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (электрондық құжат түрінде); 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін: Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетте» лицензияның электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар. Порталдағы «жеке кабинеті» болмаған жағдайда лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; лицензияның телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында портал арқылы алады. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде күні және уақыты, құжаттар қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілген тізімдеменің көшірмесі; 2) порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 10. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 340-кабинет мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не жұмыс күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) және талон беру болып табылады. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық индексі; 2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша алуға болады. Электрондық өтінішті жолдағаннан кейін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.kazcosmos.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің телефоны: 8 (717 2) 74-25-82, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: (1414). «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн) ______________________________________________________жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы_________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ___________________ Телефондары __________________ Факс ___________________Банк шоты ________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары)_________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ___ парақ қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады. Басшы ______________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөрдің орны Толтыру мерзімі: 20__ жылғы «__» _______________   Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн) _______________________________________________жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________ ____________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ____________________ Телефондары__________________ Факс ___________________Банк шоты __________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары)________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады. Жеке тұлға __________ _____________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөрдің орны Толтыру мерзімі: 20__ жылғы «__» _____________ (болған жағдайда) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Мәліметтер нысаны 1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін: 1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат: 1) мамандығы және біліктілігі ________________________; 2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ______________________________; 3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу орнының атауы _____________________; 4) жұмыс орны _______________________; 5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________; 6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________; 7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________; 2. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат: 1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _________________________; 2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері _________________________; 3) шарт жасасқан күн ___________________________; 4) шарт кіммен жасалды ___________________________; 5) арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні______________________; 6) паспорт берген орган _________________________; 7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________; 8) сертификаттың нөмірі, күні, оны берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданылу мерзімі (болған кезде) ___________________________; 3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат: 1) техникалық жобаның атауы ___________________________; 2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны __________________; 3) технологиялық процестің сипаттамасы __________________________; 4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ _________________________; 5) техникалық жобаны кім бекітті ___________________________; 6) техникалық жобаның бекітілген күні __________________________. 2. Заңды тұлғалар үшін: 1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшылық лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат: 1) мамандығы және біліктілігі ________________________; 2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ____________; 3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу орнының атауы ______________________; 4) жұмыс орны _______________________; 5) лауазымы ___________________________; 6) ұйымның орналасқан жері ___________________________; 7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні ___________________________; 8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған кезде) ___________________________; 2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат: 1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) _________; 2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны _______________________; 3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және біліктілігі_______________; 4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны _______________________; 5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _______________________; 6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні _______________________; 7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған кезде) _______________________; 3. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат: 1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі ______________; 2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері_______; 3) шарт жасасқан күн ___________________________; 4) шарт кіммен жасалды ___________________________; 5) арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні______________________; 6) паспорт берген орган _________________________; 7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________; 8) сертификаттың нөмірі, күні, оны берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданылу мерзімі (болған жағдайда)_____; 4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат: 1) техникалық жобаның атауы ___________________________; 2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны __________________; 3) технологиялық процестің сипаттамасы __________________________; 4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ __________; 5) техникалық жобаны кім бекітті ___________________________; 6) техникалық жобаның бекітілген күні __________________________. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес: 1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін – 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшері негізге алына отырып; 2) ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 3,5 АЕК құрайды. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнiң көлемi мен күнiн растайтын түбiртек немесе төлемдік тапсырма бередi. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады; 2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге: 1) куәлікті алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш; ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі; ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат; 2) куәліктің телнұсқасын алу үшін (жоғалған жағдайда): осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш; ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі; куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат. Порталға: 1) куәлікті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі; ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат; 2) куәліктің телнұсқасын алу үшін: Куәлік жоғалған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетте» куәліктің электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар. Порталдағы «жеке кабинеті» болмаған жағдайда куәлік жоғалған кезде көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі; куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, тіркеу алымын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлеу туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде күні және уақыты, құжаттар қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілген тізімдеменің көшірмесі; 2) порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 10. Мыналар: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы; 3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы; 4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 340-кабинет мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не жұмыс күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) және талон беру болып табылады. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық индексі; 2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша алуға болады. Электрондық өтінішті жолдағаннан кейін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.kazcosmos.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің телефоны: 8 (717 2) 74-25-82, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: (1414). «Ғарыш объектілері және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш ___________________________________________________негізінде (құқық белгілейтін құжат атауы) _________________________________________________________ тиесілі (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген орны) ____________________ ғарыш объектісін және оған ______________ құқығын* (ғарыш объектісін және _____________________ғарыш объектілерінің тіркелімінде тіркеуді сұраймыз. оның жалпы мақсатын белгілеу) Ғарыш объектісін ұшыру (жорамалданатын ұшыру) өткізу орны мен күні: «___»__________________ _____________________ ________________________________________________________________ Орбитаның негізгі өлшемдері: апогей, км _____ перигей, км ________ айналу бұрышы, град._______________айналу кезеңі, сек. _______________ Қосымша мәліметтер:______________________________________ ____________________________________________________________________ Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін:______________________ _____________________________________________________________ ________________________________ ________ ___________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы) (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. 20 ___ ж. «___» ___________ Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісі үшін толтырылады «Ғарыш объектілері және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алуға өтініш ____________________________________________ ғарыш объектісіне (ғарыш объектісінің мақсаты және оның жалпы мақсаты) Ғарыш объектісінің 20___ ж. «___» ___________ № ___________ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасын беруіңізді сұраймын. Телнұсқаға сұрау салудың себебі: ____________________________ __________________________________________________________________ _______________________